Тікелей эфир

Президенттің қай туыстары үкімет пен ұлттық компанияларда қызмет ете алмайды?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама да жекжаттар, яғни ерлі-зайыптылардың жақын туыстары үшін шектеулер белгіленеді.

Әділет министрі Қанат Мусин тиісті заңнама қабылданған соң мемлекет басшысының туыстарының квазимемлекеттік секторда басшылық қызметке тағайындала алмайтынын айтты. 

"Мемлекет басшысының саяси партиялардағы мүшелігіне оның президенттік кезеңінде тыйым салуды белгілеу. Осылайша, мемлекеттік аппаратты партиялық құрылымдармен біріктіру мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл тыйымның алғышарты кезекті съезд барысында Amanat партиясының төрағасы қызметінен кету ниеті туралы президенттің мәлімдемесінен болды", – деді министр.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Партиялар үшін қарастырылған тіркеу шегі 20 мыңнан 5 мыңға дейін қысқарады


Қанат Мусин мұндай тыйымның орталық сайлау комиссиясы, есеп комитеті және конституциялық кеңестің төрағалары мен мүшелеріне, әкімдер мен олардың орынбасарларына да қатысты болатынын айтты. 

Президент өзінің соңғы жолдауында президентке жақын адамдарды кадрлық іріктеу мәселесін бөлек атап өткен болатын. Заңнамада жақын туыстарға ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері жатады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама да жекжаттар, яғни ерлі-зайыптылардың жақын туыстары үшін шектеулер белгілейді.

"Осылайша, заңнамалық деңгейде тиісті тыйымдар белгіленгеннен кейін, мысалы, президенттің ағасы, әпкесі, балалары "Самұрық-Қазына" қоры немесе "Бәйтерек" сияқты ұлттық компанияларда басшылық қызметке орналаса алмайды", – деді әділет министрі.

Мұнымен қатар, Қанат Мусин аталған тыйым заңнамалық деңгейде енгізілген соң Қасым-Жомарт Тоқаевтың күйеу баласы Болгариядағы Қазақстан елшісі Теміртай Ізбастиннің қызметінен босатылатынын айтты. 

Серіктестер жаңалықтары