"Дос-Мұқасан" фильмі Қазақстан кинотеатрларында 29 қыркүйекте көрсетіледі
Көркем фильмнің жабық премьерасы Алматы және Астана қалаларында өтті.29 қыркүйектен бастап Қазақстанның кинотеатрларында қазақстандық танымал "Дос-Мұқасан" музыкалық ансамблі туралы көркем фильм көрсетіле бастайды.
"Дос-Мұқасан" тобының негізін қалаған Досым Сүлеевтің Информбюро порталына берген сұхбатын осы жерден оқуға болады.
Фильмнің сценариін жазған – Ефрат Шәріпов, режиисері – Айдын Сахаман, бас продюсері – Айгүл Байбек. Фильмнің актерлік құрамы топ мүшелеріне портреттік ұқсастығы бойынша таңдалған.
Басты рөлдерді актер Мейірғат Амангелдин, Мақсат Сәбитов, Елдос Шайкенов, Саят Мақұлбаев, Айғаным Сағынбаева, Никита Погодаев, Нұрғиса Қуанышбайұлы және Әбілмансұр Серіков сомдады.
Танымал блогерлер мен вайнерлер Артур Асқарұлы мен Зухра Сайпи де фильмде дебют жасады.
Оқи отырыңыз: Досым Сүлеев: "Дос-Мұқасанды" халықтық деңгейге көтерген тыңдарман жастар еді