Дональд Трамп АҚШ-та балалардың жынысын ауыстыруға тыйым салмақ
Біз елімізде трансгендерлік лунатизмді тоқтатамыз, деп мәлімдеді Трамп.Дональд Трамп TurningPoint’s AmericaFest 2024 шарасында АҚШ президенті қызметіне ресми кіріскен күннен бастап трансендерлермен күрестің нақты қадамдарын жасайтынын айтты. Оның сөзінше, АҚШ-та екі жыныс – ерлер мен әйелдер ғана болады.
"Трамп басшылық еткен кезде АҚШ үкіметінде тек екі гендер ғана болады. Бұл қиын емес қой... Біз трансгендерлік лунатизмді тоқтатамыз. Мен балалардың жынысы ауыстыруына тыйым салу туралы жарлыққа қол қоямын. Әскерден, бастауыш мектептен, орта және жоғары оқу орындарынан трансгендерлерді қуып шығамын", – деді Дональд Трамп.
Оқи отырыңыз: Енді АҚШ-та дүниеге келген шетелдік балаларға азаматтық берілмеуі мүмкін
Оның айтуынша, трансгендерлер спортта да болмайды.
"Бізде әйелдер спортында ер адамдар болмайды және бұл жарлықты алғашқы күні-ақ қабылдаймын. Оны екінші не үшінші күнге қалдырудың не керегі бар", – деді Дональд Трамп.
Еске салайық, Дональд Трамп АҚШ президенті болған тұста трансгендерлерді Қарулы күштер қатарына қабылдауға тыйым салған болатын. Алайда, Джо Байден кейін бұл жарлықтың күшін жойды.