АҚШ-та дүниеге келген шетелдік балаларға енді азаматтық берілмеуі мүмкін, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Бұл туралы президент Дональд Трамп мәлімдеді.
Мемлекет басшысы көпшілікті елең еткізген жоспарын NBC News-ге берген сұхбатында айтқан.
Жалпы, бұл заң 19-шы ғасырда қабылданған. 78 жастағы саясаткер Конституциядағы аталған норманы алып тастау керек, бұл күлкілі жағдай екенін жеткізді. Бірақ өзгерістің қалай жүзеге асатыны туралы түсіндірген жоқ.
Сарапшылардың пікірінше, АҚШ конституциясын өзгерту – өте қиын әрі ұзақ процесс.
Сондықтан Трамп келесі мерзімінде бастамасын іске асырып үлгермеуі ықтимал. Себебі, түзетулерді Конгрестің қос палатасы да мақұлдауға тиіс. Жалпы, АҚШ-та туған шетелдік сәбилердің саны туралы ресми статистика жоқ. Бірақ жыл сайын баласына азаматтық алу үшін толғағы жеткен кезде мұхит асатын өзге елдің қыз-келіншектер аз емес.
lw-3094948329-1
USD:
505.9 / 509.9
EUR:
590.5 / 596.5
RUB:
6.31 / 6.45