Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы төмендеді.

Сауда нәтижесіне сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 0,54 теңгеге арзандап, 471,45 теңгені құрады. Ал Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген ресми бағам – 471,77 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 468 теңгеден сатып алынып, 475 теңгеден сатылып жатыр.

Еуроның бағамы сатып алу бойынша 543,01 теңге болса, сату бағасы 553,01 теңгеге жетті. Ресей рублі 6,40–6,70 теңге аралығында саудалануда.

Алматы қаласындағы айырбастау орындарында доллар орта есеппен 470,88 теңгеден сатып алынып, 472,78 теңгеден сатылуда. Еуро бағамы 546,68–551,51 теңге аралығында болса, рубль 6,41–6,55 теңге шамасында саудаланып жатыр.