Доллардың орташа бағамы 470 теңгеден асты
Доллар бағасы 0,46 теңгеге арзандады.
Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы төмендеді. АҚШ валютасының орташа өлшенген бағамы 0,46 теңгеге арзандап, 470,8 теңге болды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген 22 мамырға арналған ресми доллар бағамы – 471,45 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 471,22 теңге, ал сату бағамы 473,46 теңге болып тұр.
Астана қаласында доллар орта есеппен 467 теңгеден сатып алынып, 474 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Шымкент қаласындағы айырбастау орындарында долларды сатып алу бағасы орташа есеппен 471,67 теңгені, сату бағасы 473,69 теңгені құрады.