Доллардың орташа бағамы 1,49 теңгеге қымбаттады
Қазақстан Ұлттық Банкі бекіткен ресми бағам 494,28 теңге деңгейінде.
Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бағамы өсті. KASE мәліметіне сәйкес, доллардың орташа бағамы 1,49 теңгеге қымбаттап, 496,00 теңгені құрады.
Ал Қазақстан Ұлттық Банкі бекіткен ресми бағам 494,28 теңге деңгейінде.
Kurs.kz деректеріне сүйенсек, Алматы қаласындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 495,42 теңгеден сатып алынып, 497,78 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы 586,40 – 591,16 теңге аралығында болса, рубль 6,35 – 6,46 теңге деңгейінде саудаланып жатыр.
Астана қаласындағы айырбастау орындарында:
- доллар 494,00 теңгеден сатып алынып, 501,00 теңгеден сатылуда;
- еуро 586,00 теңгеден қабылданып, 596,00 теңгеден өткізілуде;
- рубль 6,35 теңгеден сатып алынып, 6,65 теңгеден сатылып жатыр.