Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы қымбаттады.

Сауда нәтижесіне сәйкес, доллардың орташа бағамы 3,93 теңгеге өсіп, 505,17 теңгені құрады. Ал Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамы – 501,02 теңге.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Алматы қаласындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 504,85 теңгеден сатып алынып, 507,07 теңгеден сатылуда. Еуро 596,49–600,96 теңге аралығында, ал рубль 6,47–6,59 теңге шамасында саудаланып жатыр. 

Астана қаласындағы айырбастау орындарында доллар 501,99 теңгеден сатып алынып, 508,99 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 594,00 теңге, сату бағамы – 604,00 теңге. Рубль 6,35–6,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.