Доллар бағамы 3,68 теңгеге арзандады
Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам – 501,75 теңге.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы төмендеді.
Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметінше, күндізгі сауда қорытындысында АҚШ валютасының орташа бағамы 3,68 теңгеге арзандап, 497,56 теңгені құрады. Ал Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам – 501,75 теңге.
Kurs.kz дерегіне сәйкес, Алматы қаласындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 497,29 теңгеден сатып алынып, 499,49 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы 587,28–592,91 теңге аралығында, ал рубль 6,37–6,49 теңге шамасында саудаланып жатыр.
Астана қаласындағы айырбастау орындарында:
- доллар 495,00 теңгеден сатып алынып, 502,00 теңгеден сатылып жатыр;
- еуро 583,00–593,00 теңге аралығында.