Қазақстан қор биржасы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 497,33 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,29 теңгеге жоғары.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 23 ақпанға белгілеген доллардың ресми бағамы – 494,66 теңге.

Kurs.kz дерегінше, Алматыда айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 495,32 теңгеден сатып алып, 498,02 теңгеден сатады.

Астанада долларды 494 теңгеден сатып алып, 501 теңгеден сату ұсынылып жатыр.

Шымкентте сатып алу бағамы шамамен 497,3 теңге, сату бағамы – 498,38 теңге.