ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева 1-маусым балаларды қорғау күніне орай, еліміздің барша баласын мерекемен құттықтады. 

Ол Instagram желісіндегі жазбасында балаларды қорғау, олардың құқықтарын қамтамасыз ету және қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау қоғамның әр мүшесі үшін басымдық екенін еске салды: "Балалар қауіпсіздігі мен әл-ауқаты – ортақ мақсат".

"Әр баланың өмірі мен қауіпсіздігі ересектерге және ең алдымен оның ата-анасына байланысты. Ата-ана ретінде балаларымыздың тағдыры үшін бірінші кезекте біз жауапты екенінімізді үнемі есте ұстауымыз керек. Бір өкініштісі, статистика балаларға қауіптің жиі төнетінін көрсетеді. Күн сайын 3 бала терезеден құлап, уланудан, жарақаттанудан, көлік апатынан қайтыс болып жатыр. Зорлық-зомбылыққа қатысты трагедиялардың көбін болдырмауға болушы еді, 70% жағдайда айналадағы адамдар уақытында әрекет етпеді", – деді Динара Зәкиева. 

ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл қазақстандық ата-аналар мен барша ересектер қауымын балаларға сезімталдық пен жауапкершілік танытуға, балалар қорғаушысы болуға, оларға қиын жағдайда көмектесуге, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездікті болдырмауға шақырды. 

"Біздің балалық шақты қорғаудың ұлттық жүйесінде біз биліктің барлық тармақтарының, азаматтық қоғамның, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың тығыз өзара іс-қимылы мен қолдауына сенеміз", – деді ол.