Денсаулық сақтау министрлігі Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы туралы айтты
Қазіргі кезде Берденов өздігімен жүре алады.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова оқ жарақатын алған Берденовтің қазіргі жағдайы туралы айтып берді.
Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы бір қалыпты екен.
"Төрт сағатқа созылған медициналық көмек көрсетіліп, науқасқа ота жасалды. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, өз бетімен жүріп-тұра алады. Алайда, әлі де дәрігерлердің бақылауында", – деді Ақмарал Әлназарова.
Еске салайық, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке үш рет оқ атылған болатын. Ауруханаға түскенде жағдайы ауыр болды.