Қазақстандықтардың 64 пайызы өзін еңбекқор санайды. Мұндай нәтижені hh.kz сайтындағы сауалнама көрсетті.

"Сауалнамаға 1500-ден астам адам қатысқан. Әйелдерлің 57 пайызы, ерлердің 71 пайызы өзін еңбекқор деп біледі. Мұны ерлердің 43 пайызы, әйелдердің 29 пайызы оң бағалайды", – делінген зерттеу қорытындысында. 

Бір қызығы, азаматтардың 42 пайызы мереке күндері де, демалыс күндері де жұмыс чаттары мен пошталарын өшірмейді. Респонденттердің 35 пайызы алты айдан астам уақыт демалыс алмаған.

Зерттеу мына саладағы қызметкерлер еңбекқор екенін көрсетті: 

  • топ-менеджмент өкілдері (81пайыз);
  • маркетинг, жарнама, PR (72 пайыз);
  • қаржы және есеп (71 пайыз).