16-18 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде оңтүстік циклонның ықпалына байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

16-18 мамыр аралығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Республиканың оңтүстігінде мұндай ауа райы бүкіл кезең бойы, шығыста – басында, оңтүстік-батыста – ортасынан, солтүстік-батыста – соңына қарай болады.

Еліміздің солтүстігі мен солтүстік-шығысында 16-17 мамырда жауын-шашын тоқтап, күндіз +18...+25 градусқа дейін жылынады деп күтілуде.


Оқи отырыңыз: Осы демалыс күндері Қазақстанда күн +32 градусқа дейін жылынады


"Солтүстік пен солтүстік-шығыстың кейбір аудандарында түнде теріс температура сақталады, оңтүстік-батыс ағынының арқасында температуралық фон біртіндеп мамыр айындағы климатқа оралады", – деп жазылған хабарламада.