Осы демалыс күндері Қазақстанда күн +32 градусқа дейін жылынады

Жалпы ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде.

Демалыс күндері Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында +32 градусқа дейін жылынады. Ал республиканың батысынан басқа аймақтарында +27 градусқа дейін ыстық болады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Елдің батысы Иран үстірті аймағынан келетін ауа массаларының ықпалында болады. Мұнда күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, сондай-ақ аздап суытады.

"Фронтальдық аймақтар елдің шығысына қарай жылжығандықтан, солтүстік, орталық облыстарда найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы ресми петицияға қол аз жиналуда


Еліміздің оңтүстігі мен шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Мұнда күн күркіреп, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз