Қазақстан қор биржасындағы 5 қаңтардағы сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 453,43 теңге болды.

Бір тәулікте доллар 2,24 теңгеге, бір айда 6,11 теңгеге арзандады. Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар 454,5-455 теңгеден сатып алынып, 457,5 теңгеден сатылуда.

ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің бағасы барреліне 78,2 долларды құрайды.


Оқи отырыңыз: "Өмір сүру де, өлу де қымбат". Көкшетаулықтар жерлеу қызметінің бағасына шағымданды