Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды
Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің шешімімен Давид Лория бас хатшы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.
"Давид Григорьевич – Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы, УЕФА-ның MIP бағдарламасының түлегі. Қазіргі таңда ол Астана қалалық мәслихатының депутаты, сондай-ақ елдің әлеуметтік өмірін дамытуға қосқан үлесі үшін "Құрмет" орденінің иегері. Давид Григорьевичке жаңа қызметінде сәттілік пен табыс тілейміз", – делінген федерацияның Instagram аккаунтында.
Еске салайық, ол биылғы қаңтарда Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалған болатын.
Давид Лорияға дейін бұл қызметті Саян Хамитжанов атқарды. Ол кеше жаңа жұмыс орнына ауысуына байланысты қызметтен босады.
Оқи отырыңыз: Экс-вратаря Давида Лорию назначили вице-президентом Казахстанской федерации футбола