Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Бұған дейін ол федерацияның вице-президенті қызметін атқарды.

Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің шешімімен Давид Лория бас хатшы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі

"Давид Григорьевич – Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы, УЕФА-ның MIP бағдарламасының түлегі. Қазіргі таңда ол Астана қалалық мәслихатының депутаты, сондай-ақ елдің әлеуметтік өмірін дамытуға қосқан үлесі үшін "Құрмет" орденінің иегері. Давид Григорьевичке жаңа қызметінде сәттілік пен табыс тілейміз", – делінген федерацияның Instagram аккаунтында

Еске салайық, ол биылғы қаңтарда Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалған болатын. 

Давид Лорияға дейін бұл қызметті Саян Хамитжанов атқарды. Ол кеше жаңа жұмыс орнына ауысуына байланысты қызметтен босады. 


Оқи отырыңыз: Экс-вратаря Давида Лорию назначили вице-президентом Казахстанской федерации футбола


 

Серіктестер жаңалықтары