Алматыда Damubala.kz сайты арқылы балалар үйірмелеріне өтініш қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды интернет-платформаның баспасөз қызметі.

Қалада тегін секцияларға биыл 65 мың жолдама бөлінді. 

"Алдағы уақытта шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына кезекте тұрғандарға орын болған кезде қайта жалғасады. Уақыты қосымша хабарланады. Үйірмедегі немесе секциядағы орын саны баланың басқа қалаға көшуіне, жолдамадан бас тартуына және ауырып келмеуіне байланысты бос болуы мүмкін", – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Алматы әкімдігі биыл жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын іске асыру үшін 65 739 ваучерге есептелген 16,2 млрд теңге бөлді, оның 30 495 орны – спорт секцияларына, 35 244 орны – шығармашылық үйірмелерге арналған.