Covid-19 пандемиясының аяқталуына байланысты шектеу шараларының күші жойылды
Дегенмен министрлік Covid-19 коронавирус инфекциясы жойылмағанын ескертті.Covid-19 пандемиясының аяқталуына байланысты шектеу шаралары туралы қаулылардың күші ресми түрде жойылды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Covid-19 пандемиясының аяқталуы, Қазақстанда және әлемде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы туралы хабарлауына байланысты, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ "Ashyq" жобасында халықтың арасында коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі шектеу шараларын көздейтін Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының күші жойылды", – деп жазылған ақпаратта.
Оқи отырыңыз: Ауылдардағы денсаулық сақтау саласын жақсарту үшін неше жыл қажет?
Дегенмен министрлік Covid-19 коронавирус инфекциясы жойылмағанын ескертті.
"Вирустың таралуы жалғасуда, бірақ аурудың салыстырмалы түрде жеңіл ағымын ескере отырып, кейіннен халықтың сырқаттанушылығын бақылау басқа вирустық инфекциялармен қатар тұрақты негізде жүзеге асырылатын болады", – деп жазылған хабарламада.