Астанада бірінші ауысымдағы студенттер мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілді. Бұл туралы Білім басқармасы хабарлады.

"2024 жылғы 19 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", – деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, Білім басқармасы аяз бен қарлы боран кезінде үйден оқыған дұрыс екендігін хабарлаған болатын.


Оқи отырыңыз: Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады