Еліміздің солтүстігі мен шығысында түнде ауа температурасы 38 градусқа дейін төмендейді.
"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, Қазақстандағы ауа райы жағдайын суық және қарсыз арктикалық антициклон анықтайды.
Онымен бірге аяз сақталады, тек республиканың оңтүстік-шығысында 17 ақпанда атмосфералық фронттардың өтуімен қар жауады, таулы аймақтарда – қалың қар, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде ауа температурасы түнде 30-38, күндіз 20-28 градусқа дейін төмендейді. Еліміздің оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 15-25 градусқа дейін төмендейді, ал таулы аймақтарда 30-35 градус аяз, күндіз 10-25 градус аяз болады деп күтілуде.
Оқи отырыңыз: Қарлы боран мен аяз: Қазақстан мектептері офлайн сабақтарды тоқтатуды жалғастыруда
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63