Республикалық конкурстық комиссияның шешімі негізінде жазғы қабылдау науқанының қорытындысы бойынша конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос гранттар тағайындалды. Бұл т уралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Білім беру гранттары иелерінің тізімін осы сілтеме арқылы көруіңізге болады.

"Гранттардың басым көпшілігі педагогикалық және инженерлік ғылымдар, сонымен қатар "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" салаларына бөлінді", – деп жазылған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Абай облысында теолог, дефектолог мамандықтарына қосымша 10 грант бөлінді. Тізімді қайдан көруге болады?