Ғылым және жоғары білім министрлігі Ашық НҚА порталында 2023 жылы "Болашақ" халықаралық стипендиясына құжат қабылдау мерзімдерін айқындайтын бұйрық жобасын жариялады.

Оған сәйкес, 2023 жылы бағдарламаға келесі төрт мерзімде құжат қабылданады:

  • 9 қаңтар мен 27 қаңтар аралығы;
  • 3 сәуір мен 28 сәуір аралығы;
  • 5 маусым мен 7 шілде аралығы;
  • 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығы.

Ал бағдарлама конкурсы 2023 жылғы 20 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығы өтеді.

Порталда, сондай-ақ 2023 жылға "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқуға арналған мәндес мамандықтар тізбесі жарияланды. Онымен осы сілтеме арқылы өтіп танысуға болады.


Оқи отырыңыз: