"Болашақ" стипендиаттары ДДСҰ мақұлдаған екпені қайта салдыра алады
"Болашақ" стипендиясының иегерлері ДДҰ мақұлдаған вакциналарды алған кезде ғана кіруге рұқсат етілген елдерге кедергісіз бара алады."Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналарға қол жетімділік қамтамасыз етілді. Нәтижесінде ВАК стипендиаттарды ДДСҰ мақұлдаған вакцинамен вакцинациялауға рұқсат берді.
Осындай шешімнің арқасында "Болашақ" стипендиясының иегерлері ДДСҰ мақұлдаған вакциналарды алған кезде ғана кіруге рұқсат етілген елдерге кедергісіз бара алады.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 8 қарашасынан бастап АҚШ-қа ДДСҰ мақұлдаған вакциналар алған адамдарға ғана кіруге рұқсат етіледі. Бұл тізімге Pfizer-BioNTech, Moderna, Johnson&Johnson, AstraZeneca, Covishield, BIBP/Sinopharm, Sinovac вакциналары кіреді. Ұқсас ережелер Австралияға және бірқатар басқа елге кіру үшін де қолданылады.
Оқи отырыңыз: "Омикрон" штамының таралуына байланысты жаңа эпидемиологиялық болжам жасалды
"Австралия, Канада, Жаңа Зеландия, АҚШ-қа және Жапонияға оқуға немесе тағылымдамадан өтуге баратын "Болашақ" стипендиаттарының оқуларына кедергі келтірмеу үшін БҒМ ДСМ-ге ДДСҰ мақұлдаған вакцинаны беру мүмкіндігін қарау туралы хат жолдады. Аталған елдердің аумағына кіру үшін ДДСҰ мақұлдаған препараттардың екі дозасымен толық вакцинациялау қажет екенін атап өткен жөн. ВАК біздің ұсынысымызды қолдады. Нәтижесінде BIBP/Sinopharm вакцинасын алуға рұқсат берілді", – деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.