Бокс Олимпиада ойындарынан алынуы мүмкін
Бокстың орнына паркур қосылуы мүмкін.Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах бокстың 2028 жылы өтетін Лос-Анджелес Олимпиадасынан шығарылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады 360.ru.
Томас Бахтың айтуынша, бұл мәселе 2025 жылы толық шешіледі.
"Біз мүмкіндігінше тезірек, келесі жылдың бірінші жартысында шешім қабылдаймыз", – деді комитет президенті.
Оқи отырыңыз: "Бокстан алтынсыз қалған екінші Олимпиада". Бас бапкер Мырзағали Айтжанов жанкүйерлерден кешірім сұрады
Әлі түпкілікті шешім қабылданбаса да, Бах ұлттық бокс федерациялары халықаралық жарыстарды ұйымдастыру үшін бірігуі керек екенін атап өтті. Бұған дейін осыған ұқсас қағида бойынша каратэ үш жыл бұрын Олимпиада ойындарынан алынған болатын.
Бокстың орнына паркур қосылуы мүмкін.