Биыл 4 мыңнан астам адам солтүстік өңірлерге қоныс аударды. Бұл жайында премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Былтыр Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдаманың бір бағыты – қоныс аудару бағдарламаларын қайта қарау есебінен жұмыс күші артық және жұмыс күші тапшы өңірлер арасындағы демографиялық теңгерімсіздікті теңестіру үшін қазақстандықтардың ішкі ұтқырлығын ынталандыру.

Оның айтуынша, қазір ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы аясында бірқатар іс-шара жүзеге асырылып жатыр.

"2023 жылы 8 652 адамды көшіру жоспарланып, биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 4 140 адам немесе жылдық жоспардың 48 пайызы (қандастар – 1 032 адам және қоныс аударушылар – 3 108 адам) солтүстік өңірлерге қоныс аударды", – деді Әлихан Смайылов.