Биыл төрт мыңнан астам адам солтүстікке қоныс аударды

2023 жылы солтүстікке 8 652 адамды көшіру жоспарланып, биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 4 140 адам көшкен.

Биыл 4 мыңнан астам адам солтүстік өңірлерге қоныс аударды. Бұл жайында премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Былтыр Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдаманың бір бағыты – қоныс аудару бағдарламаларын қайта қарау есебінен жұмыс күші артық және жұмыс күші тапшы өңірлер арасындағы демографиялық теңгерімсіздікті теңестіру үшін қазақстандықтардың ішкі ұтқырлығын ынталандыру.

Оның айтуынша, қазір ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы аясында бірқатар іс-шара жүзеге асырылып жатыр.

"2023 жылы 8 652 адамды көшіру жоспарланып, биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 4 140 адам немесе жылдық жоспардың 48 пайызы (қандастар – 1 032 адам және қоныс аударушылар – 3 108 адам) солтүстік өңірлерге қоныс аударды", – деді Әлихан Смайылов. 

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз