2022 жылы қазақстандық кинотеатрларда 21 отандық туынды көрерменге жол тартады, деп хабарлайды ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының баспасөз қызметі. 

"Біздің алдымызға қойған мақсат – отандық кинопрокаттағы фильмдердің үлесін 30 пайызға дейін арттыру", – деді кино орталықтың басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шөкенов.                

Биыл қазақстандық фильмдерді насихаттауға және ілгерілетуге бағытталған екі бағдарлама жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Бюджеті 104 млн теңгені құрайтын бірінші бағдарлама кинотеатрларға, ал 92 миллионды құрайтын екінші бағдарлама дистрибуция және ілгерілету саласында жұмыс істейтін компанияларға арналады. 

Еске салсақ, режиссер Ақан Сатаев "Қазақфильмнің" бірқатар проблемасын атаған еді. Ол, сондай-ақ, студияның 5 гектар жерінің белгісіз себептермен қала меншігіне өтіп кеткенін айтты.


Оқи отырыңыз: