Жаңа оқу жылында 120 мыңнан астам қазақстандық колледжде тегін техникалық және кәсіптік білім ала алады, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.

"Президенттің тапсырмасына сай колледждерде білім алу бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі артады. Биыл 120 мыңнан астам қазақстандық тегін техникалық және кәсіптік білім ала алады. Бұл 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда 25 мыңға көп", – деді Шолпан Каринова.

Сонымен қатар, вице-министр кәсіпорындардың колледждерді шефтік қамқорлыққа алу тәжірибесін дамытып, дуалды білім беруді кеңейту көзделіп отырғанын айтты.

Еске салсақ, 2022 жылы техникалық мамандықтарға грант санының 40-тан 60 пайызға дейін артатыны туралы хабарлаған едік.