ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтында  Ғани Бейсембаевтың қазақстандықтарды білім күнімен құттықтауы жарияланды. Министрдің айтуынша, Қазақстанда 3 миллионнан астам оқушы бар. Биыл 130 мыңнан астам оқушы су жаңа мектептерде оқуды бастайды.

Осы жылы 1 000 ауыл мектебі қайта жаңғыртылып, пәндік кабинеттер ашылады және кітапханалар мен асханалары, жиһаздары жаңартылады. Сондай-ақ, алғаш рет ауыл мектептері арасында республикалық олимпиада ұйымдастырылады.

"Биыл 366 мың бүлдіршін мектеп табылдырығын аттап, бірінші сыныпқа барады. Ал 11 сыныптағы 188 мың оқушы үшін бұл – алтын ұяның қабырғасындағы соңғы жыл", – деді Ғани Бейсембаев.


Оқи отырыңыз: 80 пайызға жуығы мемлекеттік тілді таңдады. Биыл бірінші сыныпқа 340 мың оқушы барады.


Оқу-ағарту министрі осы айдан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 100 мыңға жуық педагогтің жалақысы 30%, ал колледж студенттерінің стипендиясы 50% өсетінін айтты.