Астаналық сотта қаза болған Салтанат Нүкенованың отбасы сотталған Қуандық Бишімбаевтан моральдық өтемақы өндіріп алу туралы апелляциялық шағымы қаралды.

Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырды. 

"Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың осы іс бойынша 26 қыркүйектегі шешімі өзгеріссіз, талапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын. Қаулы жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді, алты ай ішінде кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін", – деп шешімді судья Шолпан Нүсіпова жариялады.

Адвокат Жанна Уразбахованың мәліметінше, қылмыстық іс басталғанға дейін экс-министрдің Алматыда тоғыз жылжымайтын мүлкі болған. Сонымен қатар Бишімбаев ай сайын Bau мейрамханасынан 8-ден 15 миллион теңгеге дейін табыс алып отырған.