Тікелей эфир

Салтанат Нүкенованың ағасы Қуандық Бишімбаевтан қомақты қаражат өндіріп алды

Салтанат Нүкенованың ағасы қайғылы оқиға салдарынан моральдық азап шеккенін айтты.

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Қуандық Бишімбаевтан материалдық шығын мен моральдық зиян ақысын өндіріп алды.

Салтанат Нүкенованың ағасы қайғылы оқиға салдарынан моральдық азап шеккенін, денсаулығының нашарлағанын және қайғылы оқиғаға байланысты еңбекке қабілеттігін жоғалтқанын айтқан.

Сонымен қатар қылмыстық іс аясында заң қызметтеріне төлеуге кеткен шығындар да талап етілді.

Жауапкерден қылмыстық іс бойынша келтірілген 6 877 672 теңге материалдық шығын мен 10 миллион теңге моральдық зиян өндірілді, делінген сот шешімінде. 

Серіктестер жаңалықтары