Бишімбаев ісі: Байжанов полиграфтан өтуге дайын екенін мәлімдеді
Оның пайымдауынша, Бишімбаевтың жейдесі мен аммиак оқиға орнынан табылған жоқ, өйткені барлық бөлмелер тексерілмеген.Сот отырысында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов сөз сөйледі.
"Құрметті алқабилер, құрметті сот, мен бәрін айттым, ештеңені жасырмадым, тек шындықты айттым. Қажет болса, мүмкін болса, өтірік детекторынан өтуге дайынмын. Қалғанының бәрі сіздің қолыңызда, мен кез келген шешіммен келісемін", – деді Бақытжан Байжанов.
Ол кісі өлтіруді жасыруға көмектескені үшін бейнежазбаларды жойды деген уәждерге назар аударды. Байжанов маңызды нәрселерді өз қолыңда ұстау қауіпсіз екенін, сондықтан басқа екі куәгерге бейнежазбаны өшіруді тапсырмай, оны өзі жасаған болар еді екенін айтты. Сонымен қатар, ол деректерді қалпына келтіру мүмкін еместей етіп, жазбалар сақталған серверді физикалық түрде жойып жібере алатын еді.
Оқи отырыңыз: "Мен де қызымнан айырылғанмын". Жарыссөз барысында Қуандық Бишімбаев сөз сөйледі
"Мен жейде (Бишімбаевтың жейдесі – автор) мен бір бөтелке аммиак, алкогольді алып шыққанымды айтады. Бұл заттарды мен алып шыққаныма неге бәрі сенімді? Бұл олардың еш жерден табылмағанына негізделген болжамдар ғана. Іс жүзінде ол заттар табылмауы мүмкін, өйткені олар барлық жерден іздеген жоқ. Оқиға болған жер төрт рет тексерілді. Бір рет Бишімбаевтың көлігі, бір VIP кабина үш рет ретсерілді. Ал мейрамхананың ас үйі немесе басқа бөлмелері сияқты басқа жерлерді тексерген жоқ", – деді Бақытжан Байжанов.
Ол жейде мен аммиак бөтелкесі әлі де қылмыс орнында болуы мүмкін екенін айтты.
Елордалық сотта жарыссөздің негізгі бөлігі аяқталды, сот отырысына қатысушылар өз ескертулерін айтуда.