Сот отырысында әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сөз сөйледі.
Өз сөзінде Бишімбаев Нүкенованың отбасынан тағы да кешірім сұрап, бірақ кешірімге үміттенбейтінін атап өтті.
"Қалай түсіндірсем екен... Расымен менің өмірім осындай... Жас кезімде мен де қызымнан айырылып қалдым. 23 жасымда қызым бар еді, ол екі жаста еді, ол ауырып қайтыс болды. Бұл екі жағдай салыстыруға келмейтінін білемін. Мен өмірімде ешкімге қасақана зиян тигізгім келмейді. Бірақ біздің өмірімізде солай болды. Сондықтан мен кешірім сұраймын", – деді Қуандық Бишімбаев.
Ол сезіміне секем түсірген барлық адамдардан кешірім сұрады.
Оқи отырыңыз: Ұлым үшін бүкіл Қазақстан қоғамынан кешірім сұраймын – Қуандық Бишімбаевтың анасы
Бишімбаев мүмкіндігінше өзін-өзі ұстауға және өзін қорғауға тырысатынын баса айтты.
"Мен өзімді кінәсіз санайтын, жүрексіз адам болғандықтан емес. Мен мұның бәрін бастан өткеруім керек екенін түсінемін, маған қандай жаза тағайындалатынын, қандай жаза алатынымды білмеймін. Менің мойныма осындай жағдай түсті және мен оған төзе білуім керек", – деді сотталушы.