Биржадағы сауда қорытындысы: доллар құны түсті
Доллар бағамы 461 теңгеге дейін төмендеді.
Қазақстан қор биржасы (KASE)-дегі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы төмендеді.
Күндізгі сауда нәтижесінде АҚШ валютасының орташа бағамы 3,23 теңгеге арзандап, 461,37 теңгені құрады. Ал Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен ресми бағам 464,73 теңге деңгейінде қалыптасты.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астана қаласындағы ақша айырбастау орындарында доллар 459,88 теңгеден сатып алынып, 466,88 теңгеден сатылып жатыр. Сондай-ақ:
- еуро 539,85–549,85 теңге аралығында,
- рубль 5,99–6,29 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал Алматы қаласында доллар орта есеппен 461,44 теңгеден сатып алынып, 463,79 теңгеден сатылуда. Еуро бағамы 542,13–547,78 теңге, ал рубль 6,02–6,15 теңге аралығында қалыптасқан.