Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндік сауда қорытындысы бойынша доллардың салмақты орташа бағамы 482,33 теңге болды, осылайша 0,38 теңгеге қымбаттады.

Қазақстан Ұлттық банкінің ресми доллар бағамы 20 наурызға 482,32 теңгені құрайды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу орташа бағамы – 480,6 теңге, сату – 483,06 теңге.

Астанадағы айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 479,97 теңгеден сатып алады, 486,97 теңгеден сатады.

Шымкенттегі айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 481,52 теңгеден сатып алады, 483,56 теңгеден сатады.