Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 479,02 теңгені құрап, 6,59 теңгеге арзандады.

Қазақстан Ұлттық банкінің 17 наурызға арналған ресми бағамы – 486,2 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 479,25 теңге, сату бағамы – 482,09 теңге.

Астанада долларды орта есеппен 476,1 теңгеден сатып алып, 483,1 теңгеден сатып жатыр.

Ал Шымкентте долларды орта есеппен 479,97 теңгеден сатып алып, 482,12 теңгеден сатылып жатыр.