Қызылорда тұрғыны Нұрсұлтан Қалмағамбет шоколадты құрт жасайды. Бұл туралы Massaget.kz хабарлады. 

Бизнесмен кәсібін 15 мың теңгемен бастаған. Бүгінде цехында күн сайын 500 келі құрт дайындалады.

Фото: Назерке Саниязова

Бизнесмен құртты Qurtella деп атаған. Өнімнің бір қорабы – 390 теңге. 

"Жарты сағатта 20 қорабын әзірлеп үлгереміз. Цехта барлығы бес адам жұмыс істейді", - деді Нұрсұлтан Қалмағамбет.