Өтінімдер мамыр айында Kezekte.kz сайтында қабылданады.
Шымкентте биыл мемлекеттік грантқа өтінім беру мамыр айында басталады. Бұл туралы Шымкент әкімдігінің сайты хабарлады.
Өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Kezekte.kz сайтында қабылданады. Былтырғыдан қарағанда биылғы шартта өзгерістер бар. Мұқият қарап, құжаттарды соған сәйкес дайындау қажет.
Өтінім берген кезде келесі құжаттардың pdf форматындағы сканерленген көшірмелерін тіркеу керек:
- жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);
- кәсіпкердің "Бастау бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқығанын растайтын құжаттың көшірмесі (мерзімі үш жылдан аспауы керек;
- ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландырудың (ақшалай қаражат, жылжымалы не жылжымайтын мүлік) болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлік;
- жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі (ақпараттық жүйелерден мәліметтер түспеген жағдайда).
Оқи отырыңыз: Кәсіп бастауға қалай 1,4 млн теңге қайтарымсыз грант алуға болады? Шағын нұсқаулық
Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан аспауға тиіс.
"2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба" шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар сәуір-мамыр айларында өткізіліп келеді. Өтінім берген 468 адамның ішінде 56 кәсіпкер қолдау тапқан.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🎾 Бейбіт Жұқаев - Little Rock Challenger турнирінің ширек финалына шықты
-
251
-
0
-
2
-
-
2↕️ Telegram-бот 100 беттік лирикалық жинақты дыбыстады - Мақпал Жұмабай
-
259
-
0
-
3
-
-
3🤖 Қызылордада Қорқыт ата университеті жанынан жасанды интеллект мектебі ашылады
-
241
-
0
-
3
-
-
4✍️ Әр жеңімпаз 4 млн теңге сыйақы алады: Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындарға президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі
-
251
-
0
-
4
-
-
5🕯🔥 "Тағы қайталана ма деп қорқамыз". Өткен қыста жылусыз қалған Екібастұз халқы қаладан көшіп жатыр
-
266
-
0
-
5
-
-
6💡 Маңғыстау облысында кәсіпкер бюджеттің 249 миллион теңгесіне көшеге жанбайтын жарық шамдар орнатқан
-
252
-
0
-
7
-
-
7🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды
-
256
-
0
-
4
-
-
8😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
255
-
1
-
7
-
-
9💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
227
-
0
-
2
-
-
10💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
228
-
1
-
5
-