Оқу-ағарту министрлігі "Мейірім – әлемге махаббатпен" медалінің атауын "Мейірім" медалі деп өзгерту туралы шешім қабылдады. Министрлік тиісті қаулы жобасын қоғам талқысына ұсынды. 

"Медальмен балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеу жүйесін дамытуға, жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласын жетілдіруге елеулі үлес қосқан, сондай-ақ балалардың әл-ауқатының деңгейін арттыруға, балалар үшін қолайлы жағдайлар жасауға, балалар инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететін білім беру саласының қызметкерлері және өзге де адамдар марапатталады", – деп жазылған қаулы түсіндірмесінде.

"Мейірім" медалі / Фото: құжаттан скрин