USD: 466.7 / 469.1
  • EUR: 534.5 / 539.5
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Білім беру саласында "Мейірім" медалі пайда болады

Ол балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеу жүйесін дамытуға үлес қосқан білім беру саласының қызметкерлеріне беріледі.

Оқу-ағарту министрлігі "Мейірім – әлемге махаббатпен" медалінің атауын "Мейірім" медалі деп өзгерту туралы шешім қабылдады. Министрлік тиісті қаулы жобасын қоғам талқысына ұсынды. 

"Медальмен балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеу жүйесін дамытуға, жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласын жетілдіруге елеулі үлес қосқан, сондай-ақ балалардың әл-ауқатының деңгейін арттыруға, балалар үшін қолайлы жағдайлар жасауға, балалар инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететін білім беру саласының қызметкерлері және өзге де адамдар марапатталады", – деп жазылған қаулы түсіндірмесінде.

"Мейірім" медалі / Фото: құжаттан скрин
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау