Беташар салты Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енді
Шешім Парагвайда өткен ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қабылданды.Қазақтың салттарының бірі – Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енді, деп хабарлады ҚР мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин.
"Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілді", – деп жазды ол.
Информбюро бұған дейін қазақтың беташар және салбурын салт-дәстүрлерін ЮНЕСКО материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізу бойынша жұмыс жүріп жатқанын хабарлаған болатын.
Беташар – жаңа түскен келіннің бетін ашып, көпшілікке таныстыру үшін жасалатын салт. Беташарға дейін шымылдық ішінде ақ орамал тағып отырған келіннің бетін жақын қыз-келіншектерден өзге ешкім көрмейді. Беташардың мәні – әрі келіннің бетін ашып елге таныстыру, әрі келінге келген жерін таныстыру.
Оқи отырыңыз:
- Беташар мен салбурын ЮНЕСКО материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енуі мүмкін
- "Жаңа түскен келінге көрімдігін беріңіз". Беташардың мәні неде
- Беташардың мәні неге бұзылды? Тойды тәртіпке келтіруге бес кеңес