Беташар салты Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енді

Шешім Парагвайда өткен ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қабылданды.

Қазақтың салттарының бірі – Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енді, деп хабарлады ҚР мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин

"Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілді", – деп жазды ол. 

Информбюро бұған дейін қазақтың беташар және салбурын салт-дәстүрлерін ЮНЕСКО материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізу бойынша жұмыс жүріп жатқанын хабарлаған болатын. 

Беташар – жаңа түскен келіннің бетін ашып, көпшілікке таныстыру үшін жасалатын салт. Беташарға дейін шымылдық ішінде ақ орамал тағып отырған келіннің бетін жақын қыз-келіншектерден өзге ешкім көрмейді. Беташардың мәні – әрі келіннің бетін ашып елге таныстыру, әрі келінге келген жерін таныстыру.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз