Бердібек Сапарбаев қайтыс болды
Қоғам қайраткері 71 жасқа қараған шағында өмірден озды.71 жасқа қараған шағында мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев өмірден озды. Бұл туралы Qazaqstan ұлттық арнасы хабарлады.
Бердібек Сапарбаев 1953 жылы дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.
2014-2015 жылдары премьер-министрінің орынбасары болды. Әр жылдары Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының әкімі болды.
2019 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін басқарды. 2019-2020 жылдары премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған.
2020 жылдың ақпанынан 2022 жылдың сәуіріне дейін Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болды. Одан кейін "QazBioPharm" ұлттық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне кірісті.