2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы әуе айлағының аумағында Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 әуе кемесіне қатысты ұшақ апатын тексеру жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

"ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2020 жылғы 15 шілдедегі №339-IV Заңға сәйкес ұшақ апатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган құрған комиссия тексерген. 


Оқи отырыңыз: Үкіметтік комиссия: Bek Air ұшағына мұз қатуы – оның апатқа ұшырауының негізгі нұсқасы


"Бек Эйр" ұшағы апаты ұшақ әуеге көтерілген кезде қанатының күш түсетін қасиеттерінің симметриясын жоғалтуы нәтижесінде орын алғаны анықталды. Соның кесірінен ұшақ ұшу-қону жолағынан көтерілгеннен кейін фюзеляжға құлап, қар басқан топырақтың бетімен оңға қарай ауып кеткен. Одан кейін әуежайдың периметр бойынша қоршауын бұзып, аталған қоршаудан 9-10 метр қашықтықта орналасқан екі қабатты жеке меншіктегі құрылыс нысанына соғылған", – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Комиссия қорытындысына сәйкес, ұшақ қанатының күш түсетін қасиеттерін жоғалтуының себебі жер үстіндегі мұзданудың әсері болуы ықтимал. Қорытынды есептің толық нұсқасы ИИДМ сайтында жарияланған.