Құлаған терек қорымды қиратып, түбінен кесілген томарда осындай өлген адамның белгісі жайрап жатыр, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

"Бұл – біреудің мүддесі. Жайдан-жай түбінен кесіп тастаған жоқ. Сау ағаштарды құрылыс материалы үшін кесуі әбден мүмкін. Неге онда заңды санитарлық нормаға сай 4 метрден, қурағандарын ғана кеспейді. Енді бәрі солады. Қорым қураған шөптен өртке ұрынады. Бүтін тұрған нәрсені бүлдіріп не керегі бар?", – деді Степной ауылының тұрғыны Андрей Соседов.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы іске қосылды


Әкім дау тудырған мәселе бос әурешілік екенін айтты.

"Бұл тақырыпты жүз рет көтерсеңіз де болады. Арыз жаздыңыздар. Мен жауап бердім. Алдады десеңіздер, ол өздеріңіздің шаруаларыңыз. Мен бәрі заңды екенін айтамын. Ұнамай ма, қайта арызданыңыздар. Мен жауап берем", – деді Степной ауылдық округінің әкімі Абай Кенжебаев.