Қазақстандықтар алғашқы ірі қуатты АЭС-ке атау беру бойынша 20 мыңнан астам нұсқа ұсынды, деп жазды "Росатом" корпорациясының ресми Telegram арнасы

"Болашақ атом электр станциясына атау таңдау конкурсына қызығушылық жоғары болды. Қазірдің өзінде 20 мыңнан астам ұсыныс түсті. Ұсыныстар шартты түрде үш топқа бөлінді", – делінген хабарламада. 

Бұл топтар:

  • География – "Балқаш", "Іле", "Үлкен", "Мойынқұм"; 
  • Тұлғалар – академик Шафик Чокин, Абай Құнанбаев, Қаныш Сәтбаев; 
  • Энергетика және технологиялар – "Жарық", "Қуат", "Бейбіт атом", "Энергия" және басқа да атаулар. 

Қазіргі таңда мамандар, тарихшылар, этнографтар және қоғам қайраткерлері кіретін комиссия келіп түскен идеяларды талдауды жалғастырып жатыр. Атау нұсқаларын жинау аяқталғаннан кейін олар қоғамдық талқылауға ұсынылады.