Басы айналып, әлсіреген: құтқарушылар Фурманов шыңынан бойжеткенді эвакуациялады
Алматы облысында құтқарушылар туристі таудан түсірді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Фурманов шыңынан бойжеткенді эвакуациялады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
"Алматы облысы Талғар ауданында теңіз деңгейінен 3053 м биіктікте орналасқан Фурманов шыңында ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары құтқару операциясын жүргізді", – деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар тауда көмекке мұқтаж туриске көтерілді, оның жағдайы нашарлап кеткен: басы айналып, жүрегі айнып, әлсірегендіктен, өз бетінше таудан түсе алмаған.
ҚР РЖҚЖ құтқарушылары зардап шеккен әйелді таудан түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.