Бас санитарлық дәрігер: "Спутник V" вакцинасына қажеттілік жоқ
Қазақстан балаларды, жасөспірімдерді және жүкті әйелдерді вакцинациялау үшін 300 мың доза Pfizer сатып алуды жоспарлап отыр.Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бұдан былай елімізде коронавирусқа қарсы тек QazVac вакцинасын қолдану жоспарланып отырғанын айтты.
"Негізгі санат үшін QazVaq және Sinopharm пайдаланылады. Болашақта ол тек QazVaс болуы мүмкін, өйткені бүгінгі күні біздің зауыттың қуаты барлық сұранысты өтеуге мүмкіндік береді", – деді ол.
Бас дәрігер вакциналардың қолда бар көлемі жеткілікті екенін, "Спутник V" препаратына қажеттілік жоқ екенін атап өтті.
Сондай-ақ Қазақстан балаларды, жасөспірімдерді және жүкті әйелдерді вакцинациялау үшін 300 мың доза Pfizer сатып алуды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда вакциналардың үш түрі бар: QazVac, Sinopharm және Pfizer. Ревакцинация және екінші реттік вакцинация үшін QazVac және Sinopharm қолданылады. Жалпы алғанда вакцинация пункттерінде 1,5 миллион доза вакцина қоры бар.
Оқи отырыңыз:
Маймыл шешегіне қарсы вакцина салдыру міндетті бола ма?
Коронавирусқа қарсы вакциналар маймыл шешегінен қорғай ала ма?